Армысың, Наурыз!

Наурыз мейрамы «Балауса» бөбекжай-балабақшасының ауласында да тойланды. Ауладан естілген наурыз туралы әндер мен күйлер бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Таза ауаға шыққан бүлдіршіндер әсем әуен тыңдай отыра, тәрбиешілерінің көмегімен қар үстіне түрлі-түсті бояумен қазақтың ою-өрнектерін салып, «Бәйге», «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындар ойнады. Сондай-ақ шеңберге тұрып, киіз үй құрды. Аулада жалғасқан Наурыз мейрамында бүлдіршіндер мемлекеттік тілде бір-бірін құттықтап, денсаулық, бақыт, байлық тіледі.