«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балауса» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

                     

111 (Республиканский телефон доверия),

903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),

8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);

8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» МКҚК-ның 2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмысының талдауы

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» МКҚК-ның

 2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмысының талдауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                            

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                    г. Степногорск

 

 

 Мазмұны:

  • «Балауса» б/б МКҚК-ның 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық міндеттері
  • Білім беру процесінің технологиялары
  • Кадрлық әлеует
  •  Отбасы және мектепке дейінгі білім беру мекемесі
  • Үштілді білім беруді дамыту бойынша «Жол картасын» жүзеге асыруға қатысу
  • Инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру
  • Педагогикалық тәжірибені зерттеу, қорытындылау және тарату, кәсіби байқауларға қатысу

 

  • Педагогикалық ұжымның инклюзивті білім беру тәжірибесін жүзеге асыру саласындағы тиімді жұмыстардың көрсеткіштері, ЕБҚ баланы оқыту мен тәрбиелеуге қажетті жағдай жасаудың ыңғайлы жеке әдістері.

 

  • Білім беру процесінің мониторингі.

      

 

 

 

                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

1. «Балауса» б/б МКҚК-ның 2020-2021 оқу жылына арналған

жылдық міндеттері.

Мақсаты: Білім беруге қатысушылардың барлығының – педагогикалық қызметкерлердің, ата-ан.алар мен тәрбиеленушілердің біріккен білім беруші кеңістікте білім беруші эмпатия мен инклюзияны дамыту мақсатында өзара әсер етудің тиімділігін қамтамасыз ету.

 

Міндеттер

Күтілетін нәтиже

1

Бала тұлғасының үйлесімді экологиялық дамуына мүмкіндік беретін тиімді жағдайлар жасау.

Балалар: Бүгінгі күн талабына сәйкес экологиялық мәдениеттің жоғары деңгейі.

Педагогтар: Мектепке дейінгі баланы экологиялық тәрбиелеуді ұйымдастыру мәселелеріне көзқарастың өзгеруі.

Ата-аналар: Экологиялық жобаларға белсене атсалысу, экологиялық тәрбиені қалыптастыру жұмыстарына деген қызығушылықтың артуы.

2

Туған өлкен тарихы мен мәдениетіне баулу арқылы балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие бойынша жұмыстарды жетілдіру.

  • : Толеранттық, өзге халықты, оның мәдениетін құрметтету сезімдерін қалыптастыру. Халықтың салт-дәстүрлері мен қолөнеріне деген қызығушылықты дамыту.

Педагогтар:  кәсіби деңгейдің өсуіне жеке басының мотивациясының артуы. Ата-аналар:  Сезімдер мен қарым-қатынасты ынталандыру. Адвамгершілік-патриоттық бағдарда отбасылық дәстүрлерді қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік қызмет сызбасы.

 

Педагогикалық  консилиум

Тех. қызметкерлері

Меңгеруші

Әдіскер

Педагогикалық кеңес

Қосымша білім беру педагогтары

Мамандар:

- Дене шынықтыру нұсқаушысы.

- Жүзу нұсқаушысы.

-Музыкалық жетекші.

- Қазақ тілі мұғалімі.

- Ағылшын тілі мұғалімі.

Тәрбиешілер

Тәрбиешінің көмекшілері.

ЕБҚ балалармен жұмыс істейтін тәрбиешінің көмекшілері

Дефектолог

Логопед

Психолог

 

Психолог

Педагогтардың әдістемелік бірлестікері

Медициналық блок

ӘШБ жөніндегі меңгерушінің орынбасары

 

Қамқоршылық кеңесі

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Еңбек ұжымының жалпы жиналысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Білім беру процесін технологиялау.

«Өзім үйренемін, мені үйретпейді» моделі

 

 

Мақсаты

2 кезең

Соңғы нәтиже

1 кезең

Аралық нәтиже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтаушы технологиялар.

 

  • Медициналық қызметкерлер балалардың дұрыс тамақтануын бақылап, денсаулық мониторингін, денсаулықсақтаушы ортаның қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
  • Дене шынықтыру және жүзу нұсқаушылары түрлі жаттығулардың көмегімен шынықтыру, сергіту сәттері арқылы баланың физикалық дамуына бағытталған жұмыстар жүргізеді.
  • Топтар тәрбиешілері – ҰОҚ жоспарлауда міндетті түрде денсаулық сақтау міндеттері жүктелген. Денсаулық сақтау кеңістігін құру.
  • Педагог – психолог -  баланың әр жас кезеңінде толыққанды психлогиялық дамуы мен тұлғасының қалыптасуына қажетті психологиялық жағдайларды балабақшада құру.

 

  • Отбасы өмірінің салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірігіп жұмыс жүргізу. (Ата-аналар мәжілісі, спорттық отбасылық мерекелер, ашық есік күндері, көрнекі насихат жұмыстары, видеороликтер, педагогтардың жеке үлгілері)

 

 

Жобалық әрекеттің технологиялары.

     Мақсаты – бала өз сауалына жауап таба алатын мәселелер бойынша жұмыстар

     2020 – 2021 жылы жүзеге асырылған жобалар:

  •  «Жақсы істер – біздің дәстүр» жобасы

«Таза аула» жобасы бойынша отбасылық сенбіліктер.

«Таза қала» белсенді топтарымен бірге «Шағын саябақ» жобасы

 

  •  «Ал бізде бау-бақша бар» жобасы.

«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық әлеуметтік жобасы аясында «Ортақ бау-бақша» идеясын жүзеге асыру.

Биік және аласа көшеттері бар жылыжайларда жұмыс істеу.    

 

 

  • ақтаймыз және молайтамыз» акциясы     
  • «Біз өзіміз білеміз және Сіздерге үйретеміз» жобасы

«Шыршадағы ертегі» шағын жобасы, шыршадағы қолдан жасалған ойыншықтар, жыл сайынғы дәстүр.

  • «Отбасылық жәдігер» жобасы

«Естелік кітабы» шағын жобасы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған.

  • «Әке мен анамның сабақтары» жобасы

«Үйдегі тәжірибе» шағын жобасы

  • Экологиялық бағыттағы «Сақтаймыз және молайтамыз» жобасы

«Макулатура жинау» шағын жобасы

 

Зерттеу іс-әрекетінің технологиялары.

«Ортақ бау-бақша» жобасы «Балауса» бөбекжай-балабақшасының 2021 жылға арналған жазғы сауықтыру жоспарына енгізілген.

  • бақылау;
  • әңгіме;
  • тәжірибелер
  • дидактикалық ойындар;
  • жағдаятты модельдеу;
  • еңбек ету, іс-әрекет

 

  •  коммуникациялық технологиялар.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға мыналар енеді:

 

Инклюзия мәселесіне әлеуметті тарту және инклюзивтік білім беру тұжырымдамасын түсіндіру үшін ақпараттық арна ретінде «Балауса» бөбекжай-балабақшасының сайты мен Facebookті қолдану.

                                   

2020 -2021 оқу жылы кезеңінде:

Шығармашылық, денсаулық, қатынас, әлеумет, таным салалары бойынша интернет кеңістігіне 14 видеосабақ дайындалып, жарияланған.

 

Экологиялық бағыттағы отбасылық клубтың видеоролигі облыстық балалар байқауында, «Мен эко-блогер» байқауында екінші дәрежелі дипломға ие болды.

 

 

Жеке бағытталған технологиялар.

«Балауса» бөбекжай-балабақшасында инклюзивтік тәжірибені ұйымдастыру келесі ұстанымдардан құралады:

–  әр балаға жеке көңіл бөлу ұстанымы – жеке білім беру бағытын құру.

 –  баланың дербес белсенділігін қолдау ұстанымы – қосымша дамытушы бағдарламалар: оригами үйірмесі, дәстүрлі емес сурет салу студиясы, «Мего лего» құрастыру үйірмесі, танымдық құзіреттілікті дамытушы «Эврика», «Оригами» үйірмелері, «Дельфин» сауықтырушы спорт секциясы.

–  әлеуметтік өзара әсер ету ұстанымы -  қамқоршылық кеңестің, кеңес беру пунктінің белсенді жұмысы, түзетуші мекемелермен қарым-қатынас жасау, инклюзия мәселелерін БАҚ, интернет кеңістігінде жария ету.

–  пәнаралық байланыс ұстанымы - әдіскердің қатысуымен тәрбиешілер, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, дефектолог.

–  вариативтік ұстанымы инклюзивтік топқа дамуында түрлі ерекшеліктері бар балаларды енгізуді, вариативтік дамытушы ортаның, яғни қажетті дамытушы және дидактикалық құралдардың, тосқауылсыз ортасыз оқыту құралдарының, оқыту мен тәрбие берудің вариативтік әдістемелік базасының болуын қарастырады.

- отбасымен серіктестік өзара әсер ету ұстанымы - Балабақшада «Мен және отбасым» атты отбасылық қарым-қатынас клубы табысты жұмыс істейді

–  балабақшаның білім беру үлгісінің қарқынды даму ұстанымы. Бұл ұстаным өзгеріп отыруы мүмкін, өйткені жаңа құрылымдық бөлімшелер, мамандар, дамыту әдістері мен құралдары енгізіліп отырылатын болады.

 

Компьютерлік технологиялар

Ноутбуктер, планшеттер, интерактивті тақта, теледидарлар.

Компьютерлік технологияларды қолдану педагогқа оқытуды дербестендіріп, ЕБҚ мектепке дейінгі баланың танымдық және мотивациялық саласын дамытуға, оқыту  сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Эко технологиялар

Биік және аласа көшеттері бар жылыжайлар, «Керек емес заттардан ойындар» жобасы аясындағы дидактикалық экоойындар, қабылдауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар.

Балаға қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезінуге үйретіп, дербестікке үйретеді, сенімділікті дамытады, табиғатты тамашалау арқылы ішкі энергия қорын алуға мүмкіндік береді. Отбасылық қарым-қатынас клубының экологиялық жобасы аясындағы ойындар: симметрияны дамытуға, жазықтықта бағдарлай білуге, қабылдай білуге, т.б.  арналған ойындар.

Лего педагогика

(робототехника бастамалары)

Лего жабдықтар.

Индуктивті машиналар мен роботтар.

Лего педагогика мүмкіндік береді: жоғары психикалық қызметтердің дамуы мен жетілуіне, балаларда сенсорлық ұғымның дамуына, қол саусақтарын жаттықтыруға, балалар ұжымының бірлігіне мүмкіндік береді

Құм арттерапиясы

Кинетикалық құм, құмсауыттар, құмға арналған ыдыстар, күрекшелер, ұсақ ойыншықтар.

Құм дабылы бас миының моторлық аймағына жететін саусақ жастықшаларындағы рецепторларды тітіркендіретін сенсорлық материал болып табылады.  

Дельфинотерапия

Үрлемелі дельфиндер, дельфин дыбысы жазылған аудиожазбалар, релакс музыкалар.

Су адам санасына жақсы әсер етеді. Дельфинотерапия баланы шынайы қорқыныштан, комплекстерден, жағымсыз эмоциялар мен жабырқаулардан босатады.  Дельфин – сулы ортаның табиғи мекендеушісі, оның дауысы емдік және үйлесімділік факторлары болып табылады.

Даму технологиясы

Сенсорлық бөлме.

Сенсорлық сабақтардың сауықтырушы қасиеттері бар, жүйке жүйесін сақтап, балаларды белсенді дамытады. Сенсорлық бөлме кішкентай баланы ашушаңдықтан арытып, тіл дамуын түзетеді, түтығуды емдейді. Сондай-ақ бейімделу кезеңінен жеңіл өтуге көмектеседі.

 

 

3. Кадрлық әлеует.

Педагогикалық қызметкерлер туралы мәліметтер

Барлық педагог саны

33

меңгеруші

1

әдіскер

2

тәрбиеші

17

музыкалық жетекші

2

логопед

2

педагог-психолог

1

әлеуметтік педагог

1

жүзу нұсқаушысы

1

дене шынықтыру нұсқаушысы

2

қазақ тілі мұғалімі

2

дефектолог

1

қосымша білім беру педагогы

1

декреттік демалыстағы педагогтар

1

 

білімі

 

Жоғары педагогикалық білім

24

Орта арнайы педагогикалық

8

Біліктілік

Жоғары біліктілік санаты

6

Бірінші біліктілік санаты

5

Екінші біліктілік санаты

12

Біліктілік санаты жоқтар саны

9

Педагог-модератор біліктілігіне үміткер

6

Педагог-зерттеуші біліктілігіне үміткер

1

Жас деңгейі

30 жасқа дейін

4

30-40 жас

6

40-50 жас

12

50-55

9

55-тен асқан

4

 

 

4. Отбасы және мектепке дейінгі мекеме.

                   «Мен және отбасым» отбасылық қарым-қатынас клубы

  Отбасылық клуб экологиялық бағыттағы ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асырады: «Ортақ бау-бақша», «Сақтаймыз және молайтамыз»,  «Таза қала», Үй жануары», «Пакеттерге жоқ де!», «Қазақстанның қызыл кітабы».

   Кіші гранттар байқауының жеңімпазы атандық, «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық әлеуметтік жобасы аясында «Ортақ бау-бақша» идеясын жүзеге асырдық.

Әлеуметтік бағыттағы ұзақмерзімді жобалар: «Отбасылық жәдігерлер», «Демалыс күнінің альбомы», «Шайлар мұражайы», «Естелік кітабы»  

5.  Үштілді білім беруді дамыту жол картасын жүзеге асыруға қатысу.

 

     Үштілді білім беруді дамыту аясында келесі шаралар өткізілді: ҚР Тәуелсіздік күніне, Тілдер күніне арналған ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар.  

Қазақ тілі мұғалімінің үйірме жұмыстары ұйымдастырылған.

Үштілді білім беру мәселелері педагогикалық кеңестерде, әдістемелік сағаттарда, кеңестерде талқыланады. Сайттағы ақпараттар екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде жарияланады.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған республикалық видеобайқауда біздің тәрбиеленушілер 1-ші және 2-ші орындарға ие болды – жетекшілері қазақ тілі мұғалімі Шапауова С.А.

 

 

 

 

 

 

 

6. Инклюзивтік білім беру жүйесін одан әрі дамытудың кешенді шараларын жүзеге асыру.

  Қазір бөбекжай-балабақшасына 245 бала келіп жүр, 45 бала оқу жылының басында, 63 бала оқу жылының соңында ерекше білім беруді қажет ететіндер, оның 6-сы «мүгедектік» статусымен.

ПМПК өткен балалардың «инклюзивті балабақшада білім алу және тәрбиелеу» деген қорытындылары бар.

Диагнозына сәйкес баламен келесі мамандар жеке жұмыс жүргізеді: логопед, психолог, дефектолог, физиотерапевт, дене жүзу нұсақушысы, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкант, «Осьминожка» үйірмесінің жетекшісі.

Диагнозына сәйкес бөбекжай-балабақшаның педагогикалық консилиумы ЕБҚ балаға толық, жартылай, эпизодты жүйені бекітеді. 

       «Балауса» бөбекжай-балабақшасында ЕБҚ және денсаулығында еш ерекшелігі жоқ (физикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, жеке) балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің мекемеде психолг кабинеті мен сенсорлық бөлме, дефектолог пен логопед, әлеуметтік педагогтың кабинеттері бар. ЕБҚ балаларға жеке сабақтар қарастырылған бассейн жұмыс істейді.

Медициналық көмек көрсету үшін «Балауса» бөбекжай-балабақшасында физиокабинет пен дәрігер бөлмесі, ем-дом бөлмесі мен оқшаулау бөлмесінен тұратын алғашқы медициналық көмек көрсету блогы ұйымдастырылған. Бөбекжай-балабақшаның штатында педиатр дәрігер мен физиотерапевт дәрігер бар. Оларға көмеккке тек ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналары ғана емес, сондай-ақ біздің бөбекжай-балабақшаға баратын кез-келген баланың ата-анасы көмекке және кеңеске жүгіне алады.

      Республикалық орталықтарда оңалту курстарынан өткен балалардың ата-аналары емдеуді жалғастыру туралы ұсынымдары бар көшірмені біздің бөбекжай-балабақшаның медициналық қызметкерлеріне көрсетіп, бөбекжай-балабақша жағдайында әр балаға жасалған жеке жоспар бойынша ем-дом ала алады.

       Мүгедек балалар жылына 2 рет физиотреапевт дәрігердің тағайындауымен массаж курсы мен ЕФК өтеді. Сондай-ақ балалар мынадай физиошаралардан өтеді: емдік дәрі-дәрмектер қосылған электрофорез (кальций хлориді), боржомимен ингаляция, УВЧ. Ерекше көрсетілімдер бойынша ультрадыбыспен емдеу тағайындалады. Түрлі аурулармен ауырған баларға дәрігер иммунитетін көтеру үшін турманилі матта емдеуді ұсынады. Ол ем баланың өсуін жеделдетіп, жалпы жағдайын жақсартады.  

      Қалған барлық тәрбиеленушілер педиатр дәрігердің тағайындауымен ЖРА, ЖРВА қалдық құбылыстарын жою мақсатында физиоем қабылдайды.  

Бөбекжай-балабақшада 2021-2025 жылдарға арналған инклюзивті тәжірибені дамыту бағдарламасы әзірленген және жүзеге асырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕБҚ балалар туралы ереженің немесе жарғыда тармақтардың болуы

ЕБҚ балалардың ата-аналарымен жасалған келісім-шарттың болуы

Арнайы білім беру үйымдарымен өзара әсерлесі (арнайы балабақшалар, арнайы мектептер, ОО және басқалар)

Педагогтарға арналған арнайы әдебиеттер қорының болуы

ЕБҚ балалар мен педагогтарға арналған дидактикалық материалдар қорының болуы

1. «Балауса» бөбекжай-балабақшасы МКҚК Жарғысы: 5 тарау. Инклюзивтік топ

2. «Инклюзивті топ туралы ереже»

«Балауса» бөбекжай-балабақшасы МКҚК мен балабақшаға келетін баланың ата-анасы «заңды өкілі) арасындағы келісім-шартқа «ЕБҚ баланың инклюзивті топқа келу туралы» Қосымшасы

Степногорск қ. №2 ПМПК, КППК ММ, Атбасар қ. КППК, Степногорск қ. №1(Айгөлек» логопедиялық балабақшасы, Көкшетау қ. «Нұрай» негізгі бөбекжай-балабақшасы, №3облыстық арнайы түзету мектебі КММ

Педагогтар мен мамандарға арналған арнайы әдебиеттер қорын жыл сайын толықтыру

ЕБҚ балалар мен педагогтарға арналған дидактоикалық материалдар қорын жыл сайын толықтыру

 

 

7. Педагогикалық тәжірибені үйрену, жалпылау және тарату, кәсіби байқауларға қатысу.

  1. Бөбекжай-балабақша әдіскерінің облыстық семинарда сөз сөйлеуі «Психолого – педагогическое сопровождение детей с особыми образовательными потребностями в условиях общеобразовательных организаций.
  2.  «Индивидуальный прогресс воспитанника – показатель качества инклюзии в детском саду» қалалық семинарын ұйымдастыру және өткізу

«Инклюзивті білім беру» халықаралық курсына қатысу 4 педагог.

  1. Инклюзивті тәжірибелерді Көкшетау қ. Бойынша тарату жұмыстарына әдіскердің қатысуы.
  2. «Балауса» бөбекжай-балабақша педагогтарының 2020-2021 оқу жылындағы АПТ:

2 педагог ҚСК өтті: Слесарева Г.А. «Развитие фонематического слуха у детей с нарушением речи», Дерендяева И.В.  «Использование технологий ТРИЗ в развитии связной речи детей». 3 педагогтың жұмыстары облыстық деректер банкіне енгізілген және республикалық талдау кеңесінің қарауына ұсынылған. Олар:  Залесская О.В. «Конструирование в детском саду с использованием ЛЕГОтехнологий», Бондаренко Л.А. «Подготовка детей к школе», Приснякова Л.Г. «Обучение детей инклюзивных групп музыкально ритмическим движениям»

 

 

 

2020-2021 оқу жылында педагогикалық тәжірибені үйрену, жалпылау және тарату.

 

2020-2021 оқу жылында педагогтар мен балалардың конкурстарға қатысуы.

 

 

 

 

 

8. Инклюзивті білім беру тәжірибесін жүзеге асыру саласындағы педагогикалық ұжымның тиімді жұмысының көрсеткіші, ЕБҚ баланы оқыту мен тірбие беру жағдайын жасауға жеке көңіл бөлу.

 

1.Барлық бала инклюзивті білім беру процесіне енгізілген -100%

2.Ата-аналар баланың келешекте даму мүмкіндіктерін түсінеді, өз жауапкершіліктерін ұғынады – 60%

3.Педагогтар бар тәжірибелерін пайдаланады, жаңашылдықтарды қолданады, ата-аналармен және мамандармен тығыз байланыс орнатқан  – 100%

4.Мамандар психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді  – 100%

5.Жетекші инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға жағдай жасайды – 100%

6. Үйлестіруші ЕБҚ балалар туралы ақпаратты уақытылы жинайды, психологиялық-педагогикалық қолдауға баланың қажеттілігін бақылайды – 100%

 

 

                                                                              2020 – 2021 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Үлгілі бағдарламаның мазмұнын игеру бойынша балалардың білу және дағдыларын дамыту мониторингі.

2020-2021 оқу жылы.

 

 

I деңгей

II деңгей

III деңгей

бастапқы

24%

42%

34%

Қорытынды

5%

16%

79%

 

Қорытынды: Қорытынды мониторингке сәйкес «орташа» және «жоғары» деңгейлі балалардың үлесі 95% құрады, яғни бастапқы мониторингтен 19%-ға жоғары көрсеткіш көрсетіп тұр.

 

 

 

 

Меңгеруші                                                                                    Киселева Г.

 

Жаңартылған күні: 11.10.2021 14:35
Құрылған күні: 11.10.2021 14:35

Текст