111 (Республиканский телефон доверия),
903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),
8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);
8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)
Құрметті ата-аналар!
Бала қауіптің дұрыс бағасын біле бермейді. Сондықтан әр ересек адамның міндеті мен жауапкершілігі – баланы абай болуға, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге үйрету.
Тіпті шамалы уақытқа баланы қараусыз қалдырудың өзі бала өміріне қауіпті.
Осы жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмағандармен 72 келеңсіз оқиға орын алды, оның 12-сі жол-көлік оқиғасы салдарынан, 3 өрт және угарлы газбен улану, 5 тамақтан улану, 5 тұрмыстық күйік, 2 терезеден құлау, 45 аулада әткеншектен құлау, балаға үй жиһаздарының құлауы, үй жануарларының тістеп алу оқиғалары. Келеңсіз оқиғалар салдарынан 3 бала көз жұмды.
Құрметті ата-аналар, сіздер өз балаларыңыздың өмірі үшін жауапты екендеріңізді ұмытпаңыздар! Қай ата-ана болмасын өз баласына жамандық ойламайтыны белгілі. Бірақ қайғылы жағдайлардың алдын алып, қарапайым ережелерді орындау керек.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды су тоғандары басында, автомобиль, теміржолда қатаң бақылауға алыңыз. Балаңызға қауіпсіздік шараларын үйретіп, жиі ескертіңіз!
Степногорск қаласының прокуратурасы