111 (Республиканский телефон доверия),
903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),
8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);
8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)
Степногорск қаласы "Балауса" бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеу барысында бүлдіршіндерге қайшымен жұмыс істеу қиынға соғатынын байқадым.
Сондықтан ата-аналарға баланың жасы мен шығармашылық қызығушылығын ескере отыра қандай қайшы таңдап алу керектігі туралы кеңес бергім келеді. Ең бастысы, қайшы қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс. Өте кішкентай және қайшының басы жануар түрінде болып келген ойыншық қайшылар жұмыс істеп үйренуге жарамайды. Қайшы орташа мөлшерлі, ұшы дөңгеленіп келген болуы қажет. Қайшының қолға киілетін жері резиналы болса тіпті жақсы, олар жұмсақ және таймайды.
Тәрбиеші Жижкина Н.А.