111 (Республиканский телефон доверия),
903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),
8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);
8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)
Балалар арасында бір-бірін тістеу жағдайлары да жиі кездеседі. Көптеген тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың тістеу жағдайларына шағымданып жатады. Баланы бұл қылығы үшін жазалаудан бұрын (көп жағдайда) оның себебін білу керек. Бала осылайшы қоршаған ортаны танып білуі мүмкін. Ересек адам "жоқ", "болмайды" деп дөп айту керек. Оның орнына тістегісі келіп тұрса, тістеуге арналған сақина, нан, печенье беру керек немесе балаға қызықты затқа көңіл аударту керек.
Кей жағдайда тістеу баланың қорғану түрі болуы да мүмкін. Ондай кезде баланың тыныштануы үшін оны оқшаулап, жалғыз ойнауына жағдай жасау керек. Егер бала тыныштана алмаса, оның "жеңілденуіне" жағдай жасау керек: кегли соғу, доп лақтыру, резина балғамен соғу, т.б. Ең болмағанда, баланы қолға алып, бірге кітап оқып, сурет қарау.
Тәрбиеші Остроухова К.С.