111 (Республиканский телефон доверия),
903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),
8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);
8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)
Кеше, 17 қазан күні Степногорск қаласының әкімдігінде тіл жанашыры, қоғам қайраткері «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Оразкүл Асанғазықызы бастаған топ «Латын әліпбиі және реформасы» атты семинар өткізді. Семинарға қаламыздың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелердің қазақ тілі мұғалімдері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуін түсіндіру болды. Оразкүл Асанғазықызы бұл ірі науқанды отбасынан бастау керектігіне тоқталып, латын графикасына көшудің басымдылықтары туралы айтты. Семинар барысында латын графикасына көшу жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Рсалиева Нұрсәуле Мақсұтқызы латын графикасына көшу бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ жаңа қазақ әліпбиін меңгеру бойынша қажетті әдістемелік құралдармен бөлісті.
Саулеш Шапауова
Степногорск қ. «Балауса» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі