«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балауса» города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

                     

111 (Республиканский телефон доверия),

903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),

8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);

8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қызылшадан қалай сақтануға болады?

11.01.2019

Қызылшадан қалай сақтануға болады?

Қызылша – жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы вирус болып табылады. Таралу жолы – ауа-тамшылы жолмен. Оның негізгі белгісі – бөртпе. Қызылша вирусы организмге тыныс жолдары арқылы түсіп, көбейіп, қанға өтеді. Қанмен вирус бүкіл ағзаға таралып, жұтқыншақ, бауыр, өкпе, жұлынды зақымдайды.

Қызылша жіті респираторлық ауруға тән белгілермен басталады: дене қызуының көтерілуі, жөтел, жас ағу. Мұндай күй 2-3 күн сақталып, кейін денені ашық қызыл бөртпе жайлайды.

Қызылша асқынуларымен қауіпті, құлақ, өкпе, қолқа, жұтқыншақ, ми қабығының қабынуларына әкеледі. Вирустық жұқпалылардың барлығы қиын емделеді. Қызылшаны емдеуге арналған арнайы дәрі жоқ. Асқынған жағдайда антибиотиктер тағайындалады.

Қызылшадан сақтанудың бірден бір жолы – екпе алу. Екпе балаларға 1 жаста және 6 жаста беріледі.

Құрметті ата-аналар! Бала денсаулығы сіздердің қолдарыңызда екенін естен шығармаңыздар!

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст