111 (Республиканский телефон доверия),
903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),
8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);
8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)
Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бері аталып келеді. Негізі бұл күннің тарихы қазақ халқының тарихымен байланысты. Өткен ғасырдың басында біздің елімізге жер аударылып, панасыз, шарасыз қалған халықтарды дархан қазақ халқы қанатының астына алып, соңғы тілім нандарымен бөлісті. Бүгінгі күні елімізде көптеген ұлт өкілдері тамырларын тереңге жайып, бақытты күн кешуде.
Осы бейбіт өміріміз үшін ұлтаралық татулық пен құрметті дәріптейтін бұл күні «Балауса» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері де ортақ киіз үй құрып, бір шаңырақ астына бірігіп, бір-бірлеріне алғыстарын айтты.
Саулеш Шапауова, қазақ тілі мұғалімі