Балалардың қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік
11.11.2026
«Балауса» бөбекжайында ата-аналармен терроризмнің алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әңгімелесу өткізілді. Кездесу барысында өткізу режимін сақтау, күдікті заттарға мұқият болу және қауіп төнген жағдайда әрекет ету ережелері талқыланды. Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсінікті тілмен, сабырлы түрде, қорқытпай түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Отбасы мен бөбекжайдың өзара ынтымақтастығы әрбір бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Просмотров: 35