«Дені сау бала – дені сау ұлт!»
16.07.2026
Денсаулық апталығы аясында «Балауса» бөбекжайында тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Балалар таза ауада ауа ванналарын қабылдап, серуен кезінде қимылды ойындар ойнап, спорт залында дене шынықтыру жаттығуларын қызығушылықпен орындады. Мұндай іс-шаралар балалардың иммунитетін нығайтып, ептілік, шапшаңдық пен төзімділікті дамытуға, сондай-ақ көтеріңкі көңіл күй сыйлауға ықпал етеді.
Біз бала денсаулығына ерте жастан қамқорлық жасау – дені сау, бақытты әрі жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің берік негізі деп білеміз.
Просмотров: 1868