Текст
111 (Республиканский телефон доверия),
903152 (телефон доверия Управления образования по Акмолинской области),
8(71645)-6-35-14 (Отдел образования по городу Степногорск);
8(71645)5-57=60 (ГККП «Детский сад «Балауса»)
Ұйымдар тізімі
14.12.2021
"Қыста құстарды тамақтандырыңдар" атты жыл сайын балабақшамызда экологиялық акция өтеді.
Биыл да қыстайтын құстарға тамақ беру мен ұйымдастыруға балалар ерекше ықыласпен қатысты. Мәзірі: шекілдеуік, нан қалдықтары, астық, тары.
08.12.2021
Айгөлек тобының кішкентай аспаздары.
Бүгін тобымызда жаңа ойын. Қыздар да, ұлдар да аспаздар. Басымызға қалпақ, үстімізге халат киіп, қолымызға кастрюльді алып столға қойдық.
06.12.2021
Жылы жаққа ұшпайтын, Біздің жаққа қыстайтын Құстар жүрсе жуықта Жем шашуды ұмытпа.
Құстарды біз атпаймыз Қыста жемдеп баптаймыз. Қамқор болып бәріне, Қорғау заңын сақтаймыз. Достық кіші тобы серуенде құстарға жем салдық. тәрбиеші:Нурдуллаева А.Т
03.12.2021
ясли - сад "Балауса"
/public/files/2021/12/3/031221_095547_inshot-20211129-124724781gmuq19m9.mp4
02.12.2021
2021 жылдың 30 қарашасында «Балауса» бөбекжайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған тақырыптық сабақ өтті.
Балаларға туған жер туралы айтылып, әнұран орындалды. Елтаңба мен ту жайында әнгіме айтылды, ұлттық ойындар ойнатылды. Музыкалық жетекші: Преснякова Л.Г.
02.12.2021
Математика – ғылымдар патшасы!
Қарапайым математикаға бейімдеу туралы сабақ, жай сөзбен айтқанда, бұл – математика. Математика – ғылымдар патшасы! Ол өте қызық, ғажайып, мектепте сүйікті пәнге айналуы мүмкін. Заттарды таразымен өлшеу тақырыбы.
30.11.2021
"Нурбахыт" тобының табиғи бұрышы.
Күз де аяқталып, алғашқы қар да жауды. Ал біздің табиғи бұрышымыз күздің түрлі түсті әсем бояуларымен әрленді. Ата-аналарымен бірге Волотковская Ангелина әдемі бұйымдар жасады.
26.11.2021
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты акция аясында жоғары және мектепалды топтарда аквааэробика сабақтары өткізілді.
Оның балаға қандай пайдасы бар? Аквааэробика ең пайдалы көп салалы фитнес түрі, әрі балаларға қатты ұнайды. Суда өтетін сабақ өсіп келе жатқан ағзаға бірден бірнеше бағытта жақсы әсер береді.
26.11.2021
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты акция аясында жоғары және мектепалды топтарда «Спортландия» атты көңілді старт сабақтары өткізілді.
Арманда, еңбек ет, талпын! Жеңіске нық сеніммен қара! Спортпен айналыс!